Астана қаласы, Нұра ауданы, Мәншүк Маметова көшесі, 6 ғимарат
+7 (7172) 30-29-90
№ 90 "Еркежан" балабақшасы № 90 "Еркежан" балабақшасы
  • Басты
  • Біз туралы
    • Біз жайлы
    • Әкімшілігі
    • Педагогтар
    • Жетістіктеріміз
    • Топтар
    • Үйірмелер
    • Мамандармен жұмыс
    • Күн тәртібі
    • Сабақ кестесі
    • Мерекелік іс-шаралар
    • Консультативтік пункт
    • Аттестация
    • Фотогалерея
    • Тамақтану
  • Жаңалықтар
  • Ақпарат
    • Қаржы
    • Мемлекеттік қызметтер
    • Сыбайлас жемқорлық
    • Жұмысқа бос орындар
  • Байланыс

Мерекелік іс-шаралар

21.10.2025-24.10.2025ж аралығында 25 қазан Республика күніне арналған ересек және мектепалды топтар арасында ата-аналардың қатысуымен ертеңгіліктер ұйымдастырылды.

Ересек және мектепалды топ балалары арасында «Егемен елім – Қазақстан» атты мәнерлеп айту сайысы ұйымдастырылды.

«Бір шаңырақ астынла» атты педагогтер арасында спорттық эстафета ұйымдастырылды.

Балабақшаның арнайы мамандарының ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған ашық есік күндері ұйымдастырылды.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Көркемсөз шебері»қалалық байқауына балабақша атынан «Ақ көгершін» тобының бұлдіршіні Дүйсенғали Адия қатысып ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі Есентаева Г.Д.

09.10.2025 балабқшада педагогтер арасында Педагогикалық этика тақырыбы бойынша өндірістік қажеттілік жиналысы өтті.

06.10-10.10 аралығында топтар арасында «Алтын күз» тақырыбында ертеңгіліктер өтті

01.10.2025 Қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген-ел ардақты» балабақша ата-апаларына арналған концерт өтті

26.09.2025ж «Адал азамат» біртұтас тәрбиесі аясында педагогтер арасында «Сөз маржаны-тіл қазынам» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті.

25.09.2025ж Ата-аналарға арналған тренинг.

Тақырыбы: «Менің отбасым-менің тірегім»

25.09.2025ж «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында балабақшамызда ересек топ ата-аналары мен балалары арасында «Шаңырақ шаттығы» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

22.09-26.09.2025ж «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында балабақшамызда барлық жас ерекшеліктері арасында ата-аналар көмегімен «Күзгі керемет» тақырыбында түрлі түсті қарындаш, қылқаламмен сурет салу, табиғи материалдардан қолөнер туындылардан көрме ұйымдастырылды.

2025-2026 оқу жылына арналған жаңадан балабақшаға келген ата-аналар үшін бракеражды комиссия құрамымен балалардың тамақтану, азық-түлік сақтау қоймасы, аспазшылардың топтарға тамақ тарату тәртібімен таныстырылып өтті.

05.09.2025ж №90 «Еркежан» балабақшасында жалпы балабақша ішілік жіәне топтық ата-аналар жиналысы өтті

29.08.2025 жылы №1 педагогикалық кеңес өтті.

Тақырыбы:  «2025-2026 оқу жылындағы балабақшаның тәрбие-білім беру жұмысының басым бағыттары»

Мақсаты: жаңа оқу жылында тәрбие мен оқыту үдерісін тиімді пайдалану.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында өткен жол жүру ережесі бойынша өткен қалалық «Брейн-ринг» байқауына қатысып, балабақшамыздың «Тұлпар» тобының бүлдліршіндері Бас жүлделі, «Балдырған» тобының бүлдіршіндері ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

9 мамыр – «Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына» орай ұйымдастырылған ересек топтар арасында және мектепалды топтың әкелер мен балалары арасындағы спорттық іс-шара

1 мамыр «Бірлік, достық» мерекесіне арналған балабақшаның ортаңғы топтары арасында ұйымдастырылған ертеңгіліктер.

Сәуір айының соңғы 2 апталығы балабақша бойынша қорытынды ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер.

Барлық тәрбиешілер, педагогтер, арнайы мамандардың өткізуімен.

04.2025ж. №90 “Еркежан” балабақшасында
«Тілге бойлау» республикалық пилоттық жоба аясында “Тіл- ел тірегі” атты семинар өтті.
Семинарға пилоттағы балабақшалырының педагогтері қатысты

22 наурыз «Қош келдің Әз наурыз!» мейрамына орай арналған ертеңгіліктер.

Ертеңгіліктер барысында ата-аналармен жұмыс, балаларға көне салт-дәстерлерді дәріптеу, бесік жырын әндету, ұлттық ойындарды ойнату сияқты түрлі бағытта ұйымдастырылды.

8 наурыз – «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған балабақшаның барлық топтарынла «Аяулы анашым» атты ертеңгіліктер ұйымдастырылып өткізілді.

Ерекше білім беруді қажет ететін мектепке дейінгі балаларға арналған «Шексіз әлем» мультстудия жобасының «Шебер қолдар» номинациясы бойынша «Ақ көгершін» мектепалды тобының тәрбиеленушісі Әлібек Мансұр марапатталды.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында өткен «Ертегілер елінде» қалалық байқауына қатысып, балабақшамыздың бүлдліршіндері І дәрежелі дипломмен марапатталды.

17.02.2025 — №90 “Еркежан” балабақшасы педагогтерімен:

— терроризмге қарсы;

— Радикалды ағымдарды анықтау;

— Жалған хабарлама тарату тақырыптарында түсіндірмк жұмыстары жүргізілді.

«Тілге бойлау» Республикалық пилоттық жобасы аясында балалар арасында мәнерлеп оқу сайысы

№3 педагогикалық кенес

Тақырыбы: «Балабақша мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық»

Мақсаты: Балабақша мен ата-аналар арасында өзара ынтымақтастық орнату және нығайту. Ата-аналарды тәрбие процесіне белсенді түрде тарту.  Балалардың дамуына ата-аналардың рөлін арттыру үшін тиімді әдіс-тәсілдерді талқылау және қолдану. «Жас ата-аналар», «Аналар мектебі» және «Әкелер мектебі» аясындағы жұмыстарды жетілдіру. Ата-аналармен қарым-қатынасты заманауи әдістер арқылы тиімді ұйымдастыру.

Тақырыбы: «Ұрпаққа үлгі болар әке болу өнері» Әкелер мектебі

Мақсаты: Жан-жақты дамыған, елін сүйер, патриот ұл-қыз тәрбиелеудегі отбасы мүшелерінің рөлін, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған баға жетпес қазынасы бабалардың өсиет сөздерін ұғындыру, отбасылық тәрбиеде әке рөлінің орнын дәріптеу, батыл да ойлы, ақылды да арлы, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу.

Тақырыбы:Жас ата-аналарға игі істер.Үй жағдайында қарапайым тұрмыстық және шығармашылық заттардан балаларға дамытушы ойындар.

Мақсаты: Балаларды мүмкіндіктеріне қарай дамыту,оларға сеніммен қарап, жеке тұлға ретінде өмірге бейімдеу,оқытудың тиімді тәсілдерін іздестіру, түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол маторикасын дамытужәне қол қызметін үйлестіру.Заманымыздың белгілі жаңашыл ұстазы-Ш.Амонашвили «Воспитание детей нужно начинать с воспитания родителей» деген. Ол бұл ойға өзінің ұстаздық қызметінен жинақтау нәтижесінде келгені сөзсіз. Олай болса, тәрбие ісінде ата-ананың алар орны, беделі жоғары болуы керек.

№90 «Еркежан» балабақшасы Педагогикалық SABAQTASTYQ аясында «Баланы мектепке бейімдеу» тақырыбында семинар (дөңгелек үстел) өткізді.

Баланы мектепке бейімдеудің мақсаты — оқушылардың бір-бірімен, мұғалімдермен, жаңа оқу жағдайларымен, мектеппен және мектеп ережелерімен танысуына көмектесу.

№78 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі және балабақшаның мектепалды топ тәрбиеішлері мектепке баратын балалардың жеке даму карталарын бірге талдап, ашық ұйымдастырылған іс-әрекетке қатысып, кері байланыс және пікірмен алмасты.

Тақырыбы: «Көңілді балалар» шебер-сынып.

Мақсаты: Балалардың  музыкалық қабілеттерін дамыту. Ата-аналармен бірлесе балалардың мотивациясын көтеру.

12.2024-27.12.2024 араоығынеда балаларға арналған Жаңа жылдық іс-шаралар апталығы.

“Телефон және бала. Балалар қандай ертегілер қарау керек” тақырыбында атп-аналармен table talks.

“Спорт — біздің серігіміз” атты 16 желтоқсан “Тәуелсіздік” мерекесі қарсаңында педагогтер арасында спорттық эстафета сайысы өткізілді.

Мақсаты:

  1. Ұжымды спорттық ойындарға бейімдеу, қызығушылықтарын арттыру.
  2. Ұжым арасында бірлікті, татулықты нығайту, бір-бірі үшін қуаныш, толқу сезімдерін ояту.

16 желтоқсан – «Тәуелсіздік күніне» арналған тематикалық ҰІӘ

 

Әдістемелік кеңес, педагогтердің шығармашылық тақырыптарын талдау.

 

№2 Педагогикалық кеңес. «Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы арттыру»

Мақсаты:балалардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз етуге, балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін және әр баланың мүмкіндігін ескере отырып, ақыл-ой, адамгершілік, физикалық, эмоционалдық, танымдық қабілеттерін дамытуға психологиялық бағыт – бағдар беру

 

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» интелектуалды сайыс

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет беру. Ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық дәстүрлі ойындарды ойнату арқылы адамгершілік құндылықтарды дарыту.

 

Ашық есік күніне арналған барлық топтарда ұйымдастырылған ашық ҰІӘ. Топ тәрбиешілері.

 

Біртұтас тәрбие аясында ұйымдастырылған “Әкем, анам және мен” спорттық сайыс.

Мақсаты: Спортық ойындарды ойнай отырып спортқа қызығушылығын арттыру. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. МдҰ-ға ата- аналарды тарту. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

 

Республика күніне арналған №86 «Зияткер» балабақшасы базасында ұйымдастырылған қалалық семинарға балалар мен тәрбиешілердің қатысып тәжірбие алмасуы.

 

Ересек, мектепалды топтарда ұйымдастырылған ертеңгіліктер. Музыка жетекшілері мен топ тәрбиешілері

 

Балалардың «Менің Отаным» тақырыбындағы сурет көрмесі.Мақсаты: сурет тақырыбына сәйкес көркемдік техниканы таңдауға үйрету; композиция мен түс, ырғақ, шығармашылық ойлау, қиял сезімдерін дамыту; эстетикалық талғамын, Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметін тәрбиелеу.

 

«Республика күніне» арналған мерекелік апталық. Музыка жетекшілері мен топ тәрбиешілері.

Мақсаты: Балаларды туған жерін, туған елін, халқын құрметтеуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі- туған Отанды сүюден басталатындығын  түсіндіру.Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

 

«Бұрымды қыз» челленджі

Мақсаты: Ұлттық мәдениетімізбен салт-дәстүрді қайта жаңғырту, қыз балалардың бойында көркемдік талғам қалыптастыру, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

 

Логопедические занятия

Тема: Звук и буква А. Формирование простой фразы по картинке.

Задачи:

— развитие понимания обращенной речи, выполнение заданной инструкции педагога

— развивать подвижность органов артикуляционного аппарата,

— развивать фонематическое восприятие

Логопеды коррекционных подготовительных групп «Айголек», «Кулыншак»

Кабыкен Назым Булатовна

Ахмедиева Асем Тасболатовна

 

Ортаңғы “Ботақан” тобы.

Тақырыбы: «Күз мезгілі тамаша»

Мақсаты: Күз мезгілінің өзгерістерімен твныстыру. мерекелік көңіл-күй орнату.

Музыка жетекшісі: Ержанова С.Ж.

Тәрбиешілер:  Аяжан А.Т.   Бахтыбаева У.Ш.

 

Ата-аналардан құралған бракеражды комиссия мүшелері.

 

Балабақшамызда ақсақалды аталар мен ақ жаулықты апалардың қатысуымен карттар күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Тақырыбы: «Қарттарым асыл қазынам»

Мақсаты:  Балалардың  бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Мектепалды топтар арасында ұйымдастырылған “Денсаулық еліне саяхат” тақырыбында эстафеталық жарыс.

Мақсаты: Балалардың денесін шынықтыруға,денсаулығын нығайтуға, дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға үйрету.

Қазақстан Республикасының заңнамасына, Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жаңартылған тұжырымдамасының негізгі ережелеріне, білім беру саласының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 2024-2025 оқу жылының ӘЖЕЛЕР, ӘКЕЛЕР ЖӘНЕ АНАЛАР МЕКТЕБІ ЖОСПАРЫНА сәйкес ҚЫРКҮЙЕК айына бала мен ата-ананың бірлесе атқарған «Күздің әсем бояуы» сурет жэне табити материалдардан корме ұйымдастырылды.

5 қыркүйек — Тілдер мерекесі.

Мектепалды топтар арасында ұйымдастырылған іс-шара

Тақырыбы: “Ана тілім ажарым, асыл мұрам”

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.

Тақырыбы: “Ардың шыңы-Ата заң!” атты 30 тамыз- Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара.

Мақсаты: Балаларға Ата заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.

№ 90 "Еркежан" балабақшасы № 90 "Еркежан" балабақшасы
Астана қаласы, Нұра ауданы, Мәншүк Маметова көшесі, 6 ғимарат.
Пн - Пт: 8:00 - 17:00, Сб: 9:00 - 15:00
+7 (7172) 30-29-90
© 2025